Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Era and Text: Interdisciplinary Journal

ЖУРНАЛДЫҢ МИССИЯСЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

Миссия

Era and Text: Interdisciplinary Journal – тарихты, әдебиеттануды, мәдениеттануды, лингвистиканы және олармен іргелес гуманитарлық пәндерді біріктіретін ерекше/түпнұсқалық пәнаралық зерттеулерді жариялау үшін Абай университеті (Алматы, Қазақстан) негізін қалаған жетекші халықаралық алаң болуды мақсат етеді. Журнал мәтін, уақыт/тарих және мәдени контекст арасындағы байланыстар туралы ғылыми білімді жетілдіруге, әртүрлі теориялық тәсілдер мен әдіснамалық дәстүрлер арасындағы диалог үшін кеңістік құруға арналған.

 Біздің миссиямыз мынадан тұрады:

- Гуманитарлық өткенді кешенді түрде зерттеуге арналған зияткерлік платформа болу.

- Дәстүрлі пәндік шекаралардан өтетін инновациялық жұмыстарды жариялау арқылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулердің дамуына ықпал ету.

- Ең жоғары сападағы зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа жедел түрде диссеминациялауды қамтамасыз ету.

- Тарих, әдебиет және мәдениет қазіргі заманғы ғылымның сын-қатерлері призмасы арқылы ұғынылып, оларды оның өсу нүктелеріне айналдыратын зияткерлік хабқа айналуға арналған форум құру.

- Әртүрлі географиялық аймақтардан шыққан, әрқилы ғылыми мектептер мен дәстүрлерді ұсынатын ғалымдардың еңбектерін жариялау арқылы зерттеушілік әртүрлілікті қолдау.

Мақсаттары мен қамту аясы (Aims & Scope)

Era and Text: Interdisciplinary Journal — төмендегі салалар бойынша түпнұсқалық зерттеу мақалаларын, теориялық эсселерді, сын-пікірлік шолуларды және әдіснамалық талқылауларды жариялайтын халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал болып табылады:

- Мәдени тарих және зияткерлік мұра: жазба дәстүрлер призмасы арқылы идеялардың эволюциясы.

- Тарихи дереккөз және текстология: әдеби және құжаттық мәтіндерді тарихи артефактілер ретінде талдау.

- Цифрлық гуманитаристика және текстология.

- Салыстырмалы зерттеулер: шығыс және батыс тарихи-филологиялық мектептері арасындағы мәдениетаралық диалог.

- Әдебиет теориясы және сыншыл тәсілдер (постструктурализм, деконструкция, жаңа историзм, феминистік сын, постколониялық теория).

- Тарих, әдебиет және басқа өнер түрлерінің өзара ықпалдастығы (кино, театр, бейнелеу өнері).

- Тарихи поэтика және әдеби формалардың эволюциясы.

- Тарихи-әдеби материалға нейрогуманитарлық тәсілдер.

- Әдеби идеялар тарихы және зияткерлік тарих.

- Классикалық және заманауи тарихи және әдеби мәтіндердің рецепциясы.

Пәнаралық фокус:

Журнал тарихи және әдебиеттанулық талдауды философия, антропология, социология, психология, лингвистика әдістерімен ұштастыратын зерттеулерді, сондай-ақ мәдени үдерістерді мәтіндік талдау призмасы арқылы қарастыратын еңбектерді ерекше құптайды.

Географиялық және уақыттық қамту:

Журнал антикалық дәуірден қазіргі заманға дейінгі барлық географиялық аймақтар мен тарихи кезеңдер тарихын, әдебиетін және мәдениетін зерттеуге арналған жұмыстарды жариялайды, салыстырмалы және трансұлттық перспективаларға ерекше назар аударады.

 Мақсатты аудитория:

Тарихшылар, мәдениеттанушылар, әдебиет тарихшылары, мәдениет теорияшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар және мәтін мен мәдениетті пәнаралық тұрғыда зерттеуге қызығушылық танытатын барлық зерттеушілер.